Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімінің 2010.04.12 N 05 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. 2010 жылдың қаңтар – наурызында 2010 жылы он жеті жасқа толған Тарбағатай ауданының еркек жынысты азаматтарын Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, денсаулық жағдайын, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын, дене даярлығының, деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу және әскери- техникалық мамандар бойынша дайындауға іріктеу мақсатында, тұрғылықты жері бойынша іріктеу өткізілсін.
2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдасқан түрде, уақытында өткізу мақсатында – ауылдық округтер және кенттер әкімдеріне, аудан бюджетіне қаржыландырылатын мекемелер басшыларына:
1) 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін 1993 туған еркек жынысты азаматтардың тізімін анықтап, Тарбағатай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген үлгіде жазбаша хабарласын:
2) тіркелетіндерге қажетті және шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарды уақытында беруді және жинақтауды қамтамасыз етсін;
3) жасөспірімдерді флюорографиялық зерттеуге, анализ тапсыруға, тіркеу комиссиясына құру қағазында көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
3. «Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Бекбаев) бюджетпен бекітілген шекте азаматтардың тіркеуін жүргізу шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Тарбағатай аудандық ауруханасына (Д. Итбаевқа келісім бойынша) тіркеуден өтетін азаматтардың:
денсаулық жағдайын, әскерге жарамдылық дәрежесін анықтау үшін аудандық медициналық комиссия құру;
зертханалық және флюорографиялық тексеруден өтуін қамтамасыз ету: стационарлық зерттеуден өтуі үшін емханалардан қажетті санда төсек орын бөлу ұсынылсын.
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейлхановқа келісім бойынша) тіркеуге тұрудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
7. Аудандық бiлiм беру бөлiмi, (Т.Ә. Жақыпбаев) тіркеу кезінде тіркеуден өтетін азаматтарды соғыс ардагерлерімен, әскери оқу орындарының курсанттарымен кездесулерін және олармен «Отан қорғау қасиетті борышы» тақырыбына тәрбие сабақтар ұйымдастырылсын.
8. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 24 шешімінің «2009 жылы Тарбағатай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесін», (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-64 болып 2008 жылдың 22 желтоқсанында тіркелген) күші жойылсын.
9. Осы шешім әділет басқармасына тіркеліп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсiн.
Аудан әкімі М. Сапарғалиев