Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010.12.01 N 382 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 339 «Жаңа-ауыл ауылдық округінде ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы» қаулыға (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-16-83 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 1 аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
Қаулының кіріспе бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 27 бабына» деген сөйлем «Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасына» және «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы № 148 Заңының 37 бабының 1, 2 тармағы» деген сөйлем «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына» деп өзгертілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Сапарғалиев