Жаңа ауыл ауылдық округінде ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 339 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қазанда N 5-16-83 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 01 желтоқсандағы N 382 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010.12.01 N 382 қаулысымен.

      Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010.07.14 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына басшылыққа алып, Жаңа ауыл ауылы тұрғындарының ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тарбағатай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің аумағы көлемінде 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап шектеу жариялансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ветеринариялық Заңдылықтарына сәйкес Жаңа ауыл ауылдық округінің аумағын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы ветеринариялық іс–шараларының жоспары ұсынылсын. /қосымша № 1/.
      3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында жасалған, шектеулік іс шаралардың малдәрігерлік заңдылықтарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы бастығы (Б. Қажыкенов келісімі бойынша ), Санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (Б. Қуанышбеков келісімі бойынша), Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бастығы (М. Тырнақбаев) жүктелсін.
      4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейлханов келісімі бойынша) шектеу уақытында ауру малдар, олардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Атқарылған шаралардың орындалуы туралы күнделікті аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына ақпарат беріп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д. Тулембаевқа және Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Ә. Қабдешовке міндеттелінсін.
      6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары С. Жақаевқа жүктелінсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тарбағатай аудан әкімі А. Әубәкіров

Тарбағатай ауданы Жаңа ауыл ауыл округi бойынша 2010 жылға адам
мен жануарға ортақ бруцеллез ауруын түпкiлiктi жою мақсатында
қойылған шектеудiң iс шаралары

Р/
с

Атқарылатын iс шаралар

Орындалу
мерзiмi

Орындаушы

I

Аурудан сақтандыру шаралары



1

Шектеу қойылған уақытта ауыл округi аймағында бруцеллез iндетiнiң эпизоотиялық ошағын анықтап, қоздырғышын
жою, залалсыздандыру
шараларын iске асыру, ауру қоздырғышын тасымалдау жолын қыю.

Тазарғанға
дейiн

Аудандық аумақтық
инспекциясы
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары

2

Ауруға күдiктi қолайсыз
аймақтардың шекарасын
анықтау

Ауру
шыққан
уақытта

Ауыл округiнiң әкiмi,
вет. инспекторы

3

Тiрiдей барлық мал
түлiктерiн осы аумақтан және осы аумаққа тасымалдауға тыйым салу (ауру малдарды ет
комбинатына тасымалдаудан басқа)

Тазарғанға
дейiн

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары, а/о вет. инспекторы

4

Ауру шыққан аймақтан шөп, сынама басқада дәндi дақылдар дайындап
тасымалдауға тыйым салу

Тазарғанға
дейiн

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары, а/о вет. инспекторы

5

Бруцеллезге оң таңба берген малдарды 5 күн iшiнде төлдерiнен айырып, басқа
малдарға қоспай қандайда болмасын бағалылығына
тұқымына қарамастан
жемдеуге, семiртуге
қоймастан 5 күн iшiнде жою.

Қолма қол

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары, а/о вет. инспекторы

6

Бруцеллез ауруы шыққан отар табынды аурудан таза табындар мен отарларға қоспай жеке ұстауға нұсқау беру.

Жыл бойы

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары, а/о вет. инспекторы

7

Денi сау малдарды, бұрын ауру малдар тұрған қора-жайға, аулаға механикалық тазалық жүргiзiп, толық
дезинфекциядан өткеннен
кейiн және дезинсекция,
дератизация жасап енгiзу.

Үнемі

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары, а/о вет.
инспекторы, мал иесі

8

Ауру шыққан мал отары, табын жайылған шабындық жердiң шөбi дайындалса оны 3 ай сақтап барып пайдалану.

Тазарғанға
дейiн

Шаруашылық басқарма
басшылары

9

Ауру шыққан қолайсыз аймақта төмендегiдей тыйым салу:
Ірі қара малдарын сауып, құрт, iрiмшiк, май дайындау
дезинфекциядан өтпеген терi дайындау

Тазарғанға
дейiн

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары, а/о
ветеринария инспекторы

10

Ауруға белгi берген малдарды
ветеринариялық– санитариялық
ережелердi сақтай отырып мал соятын орын дайындап союды
ұйымдастыру

Уақытында

Ауыл округiнiң әкiмi,
ветеринария инспекторы

11

Өлген малдардың, iш тастаған өлекселердi қолма қол жойып,
мал моласына көмдiру.

Қолма қол

Ауыл округiнiң әкiмi,
ветеринария инспекторы

12

Ауру малдардың қиын,
салынған төсенiштерiн
залалсыздандырып, жоюды
(химиялық, биологиялық
жолдармен) ұйымдастыру.

Үнемі

Ауыл округiнiң әкiмi,
ветеринария инспекторы

13

Ауру бойынша қолайсыз
аймақтағы барлық ірі қара малдарынан екі рет теріс қорытынды алғанша
серологиялық тексеруден
өткізу

Тазарғанға
дейін

Ауыл округінің
ветеринария
инспекторы, лицензиат
малдәрігері

14

Ауыл тұрғындары арасында бруцеллез ауруының қауiптiлiгi туралы адам
дәрiгерлерiмен бiрлесiп, ақпарат құралдары арқылы
түсiнiк жұмысын жүргiзу.

Үнемі

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары

15

15-20 күн аралығында барлық малдардан ауруға терiс таңба бергенше 2-рет қан алдыру,
1-1,5 айда 2-рет қан алып, терiс таңба алып, қорытынды залалсыздандыру жұмысын
жүргізіп шектеудi алдыру

Тазарғанға
дейiн

Аудандық аумақтық
инспекция
ветеринариялық
қадағалау бөлiмiнiң
мамандары, а/о
ветеринария инспекторы

      Аппарат басшысы                 Қ. Баширов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады