"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 27 шілдедегі № 23-8 шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 қазандағы N 24-11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қарашада N 5-16-103 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 3-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012.04.11 N 3-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кей1н қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 шілдедегі № 23-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-16-100, «Тарбағатай» газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйектегі № 39 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы ережедегі:
      20 тармақтың 1) тармақшасындағы «(сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда)» деген сөздер алынып тасталсын.
      22 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептеу жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегінің төлемінің шарты мен тәртібі уәкілетті орган және екінші деңгейдегі банкілер арасындағы жасалған агенттік келісіммен белгіленеді.».
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                          М. Рахымбаев
 

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы                    М. Мағжаев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады