Ақжар ауылдық округiнде iрі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 436 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 5-16-106 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы N 323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011.11.21 N 323 қаулысымен.

      Ақжар ауылы тұрғындарының ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округiнің аумағы көлемiнде ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жариялансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ветеринариялық Заңдылықтарына сәйкес Ақжар ауылдық округiнiң аумағын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы ветеринариялық іс-шараларының жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Бруцеллез ауруын түпкiлiктi жою мақсатында жасалған, шектеулiк iс шаралардың малдәрiгерлiк заңдылықтарға сай толық орындалуын қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы (Қ. Ақаев, келісімі бойынша), санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (Б. Қуанышбеков, келісімі бойынша), аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы (Ә. Аханжанов) ұсынылсын.
      4. Аудандық iшкi iстер бөлiмiне (Е. Сейлханов, келісімі бойынша) шектеу уақытында ауру малдар, олардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Атқарылған шаралардың орындалуы туралы күнделiктi аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиясына ақпарат берiп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д. Тулембаевқа және Ақжар ауылдық округiнiң әкiмi А. Боғырбаевқа мiндеттелсiн.
      6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Жақаевқа жүктелсiн.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі                        М.Сапарғалиев
 

Келісілді:

Тарбағатай аудандық iшкi
iстер бөлiмiнiң бастығы

Е. Сейлханов

Тарбағатай аудандық аумақтық
инспекциясы бастығының міндетін атқарушы

Қ. Ақаев

Аудандық МСЭҚ
басқармасының бастығы

Б. Қуанышбеков

Тарбағатай ауданы әкімдігінің
27 желтоқсандағы 2010 жылға
№ 436 қаулысына қосымша

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округi бойынша 2011 жылға
адам мен жануарға ортақ бруцеллез ауруын түпкiлiктi жою
мақсатында қойылған шектеудiң iс-шаралары

Р/с

Атқарылатын iс-шаралар

Орындалу мерзiмi

Орындаушы

I

Аурудан сақтандыру шаралары



1

Шектеу қойылған уақытта ауыл округi аймағында бруцеллез iндетiнiң эпизоотиялық ошағын анықтап, қоздырғышын жою, залалсыздандыру шараларын iске асыру, ауру қоздырғышын тасымалдау жолын қию

Тазарғанға дейiн

Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, ЖАО ветеринария дәрігерлері

2

Ауруға күдiктi қолайсыз аймақтардың шекарасын анықтау

Ауру шыққан уақытта

Ауыл округiнiң әкiмi, вет. инспекторы

3

Тiрiдей барлық мал түлiктерiн осы аумақтан және осы аумаққа тасымалдауға тыйым салу (ауру малдарды ет комбинатына тасымалдаудан басқа)

Тазарғанға дейiн

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, а/о вет. инспекторы

4

Ауру шыққан аймақтан шөп, сынама басқада дәндi дақылдар дайындап тасымалдауға тыйым салу

Тазарғанға дейiн

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, а/о вет. инспекторы

5

Бруцеллезге оң таңба берген малдарды 5 күн iшiнде төлдерiнен айырып, басқа малдарға қоспай қандайда болмасын бағалылығына тұқымына қарамастан жемдеуге, семiртуге қоймастан 5 күн iшiнде жою

Қолма қол

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, а/о вет. инспекторы, а/о ветеринария дәрігері

6

Бруцеллез ауруы шыққан отар табынды аурудан таза табындар мен отарларға қоспай жеке ұстауға нұсқау беру

Жыл бойы

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, а/о вет. инспекторы

7

Денi сау малдарды, бұрын ауру малдар тұрған қора-жайға, аулаға механикалық тазалық жүргiзiп, толық дезинфекциядан өткеннен кейiн және дезинсекция, дератизация жасап енгiзу

Үнемі

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, а/о вет. инспекторы, а/о ветеринария дәрігері, мал иесі

8

Ауру шыққан мал отары, табын жайылған шабындық жердiң шөбi дайындалса оны 3 ай сақтап барып пайдалану

Тазарғанға дейiн

Шаруашылық басқарма басшылары

9

Ауру шыққан қолайсыз аймақта төмендегiдей тыйым салу:
қой ешкi малдарын сауып, құрт, iрiмшiк, май дайындау;
дезинфекциядан өтпеген терi дайындау

Тазарғанға дейiн

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, а/о ветеринария инспекторы, а/о ветеринария дәрігері

10

Ауруға белгi берген малдарды ветеринариялық– санитариялық ережелердi сақтай отырып мал соятын орын дайындап союды ұйымдастыру

Уақытында

Ауыл округiнiң әкiмi, ветеринария инспекторы, а/о ветеринария дәрігері

11

Өлген малдардың, iш тастаған өлекселердi қолма қол жойып, мал моласына көмдiру

Қолма қол

Ауыл округiнiң әкiмi, ветеринария инспекторы, а/о ветеринария дәрігері

12

Ауру малдардың қиын, салынған төсенiштерiн залалсыздандырып, жоюды (химиялық, биологиялық жолдармен) ұйымдастыру

Үнемі

Ауыл округiнiң әкiмi, ветеринария инспекторы, а/о ветеринария дәрігері

13

Ауру бойынша қолайсыз аймақтағы барлық қой-ешкі малдарынан екі рет теріс қорытынды алғанша серологиялық тексеруден өткізу

Тазарғанға дейін

Ауыл округінің ветеринария инспекторы, лицензиат малдәрігері, а/о ветеринария дәрігері

14

Ауыл тұрғындары арасында бруцеллез ауруының қауiптiлiгi туралы адам дәрiгерлерiмен бiрлесiп, ақпарат құралдары арқылы түсiнiк жұмысын жүргiзу

Үнемі

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, ЖАО ветеринария дәрігерлері

15

15-20 күн аралығында барлық малдардан ауруға терiс таңба бергенше 2-рет қан алдыру, 1-1,5 айда 2-рет қан алып, терiс таңба алып, қорытынды залалсыздандыру жұмысын жүргізіп шектеудi алдыру

Тазарғанға дейiн

Аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық қадағалау бөлiмiнiң мамандары, а/о ветеринария инспекторы, ЖАО ветеринария дәрігерлері

16

Бруцеллез ауруы шыққан қауiптi пункттегi халықты диспансерлiк тексеруден өкiзу

Қолма қол

Аудандық СЭС, медицина қызметкерлерi


      Аппарат басшысы                         Қ.Мауадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады