Каменка ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы N 66 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 21 желтоқсанда N 5-17-139 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Каменка ауылындағы 50 лет Каз.ССР, 50 лет ВЛКСМ көшелері тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Каменка ауылындағы көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) 50 лет Каз.ССР көшесі – Қазақстан көшесіне;
      2) 50 лет ВЛКСМ көшесі – Абай көшесіне.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз құзырымда қалдырамын.


      Әкім                               Б. Буллер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады