2010 жылғы 02 сәуірдегі № 208 "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 209 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 05 мамырда N 5-18-123 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.05.07 N 181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Үржар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 208 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 сәуір № 5-18-93 тіркелген, 2010 жылғы сәуірдің 17 № 19-20 «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде жарияланған) төмендегі өзгеріс енгізілсін:
      1) қаулының № 1 қосымшасының 12 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Мерекелік күндерге әлеуметтік төлемнің мөлшері азаматтардың жеке санаттарына тізімделген адам санына сәйкес 2000 (екі мың) теңгеден кем емес және 25000 (жиырма бес мың) теңгеден жоғары емес болуға тиіс.».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С. Семеноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Қ. Байсинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады