"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 34/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 5-19-138 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 25/2-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 30.01.2015 N 25/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі 5–19–119, "ЛЗ Сегодня" газетінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 санында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "Тұрғын үй көмегін беру" 2-бөлімнің 8–тармағындағы "медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын ұсынған жағдайда", "медицина мекемесінің дәрігерлік–кеңес комиссиясының қорытындысын ұсынған жағдайда", "емдеу мекемелерінен анықтама ұсынған жағдайда" сөздері алып тасталсын;
      "Тұрғын үй көмегін беру" 2-бөлімнің 21–тармағы алынып тасталсын;
      "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу" 5–бөлімінің 29–тармағындағы бүкіл мәтін бойынша "анықтама ұсынылғанда" сөздері және "сот орындаушысынан анықтама ұсынылғанда" сөздері алып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Н. Нагорняк
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады