Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 259 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 қаңтарда N 5-19-139 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы N 794 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012.11.15 N 794 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем есебі әдістемесінің негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауданның мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға ай сайынғы төлем мөлшері белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Шемонаиха ауданының әкімі                   А. Кәрімов


Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2010 жылғы « 29 » желтоқсандағы
№ 259 қаулысына қосымша   

Шемонаиха қаласының Жуков көшесіндегі № 21 үйде ауданның
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға төлем
мөлшері

      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем есебі әдістемесіне сәйкес, Шемонаиха қаласы Жуков көшесіндегі № 21 үйден 1 айға өндірілетін жалгерлік төлем есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін, формула бойынша есептеледі.
      А=56515 (елу алты мың бес жүз он бес) теңге (тұрғын үй жалпы көлемінің бір шаршы метр құрылысының бағасы): 140 (жүз қырық) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі ай) = 33 (отыз үш) теңге 63 (алпыс үш) тиын.

      Шемонаиха ауданы ТКШ, ЖК
      және АЖ бөлімінің бастығы             И.П. Капорина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады