Выдриха селосының көшелерін және тұйық көшесінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Выдриха селолық округі әкімінің 2010 жылғы 12 тамыздағы N 05 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 27 тамызда N 5-19-128 тіркелді

      “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Выдриха ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Выдриха селосында төмендегідей өзгертілсін:
      1) Советская көшесі - Центральная көшесіне;
      2) Ленин көшесі - А.С.Иванов көшесіне;
      3) Советский тұйық көшесі - Мирный тұйық көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Выдриха селолық округінің әкімі                 В.И.Васин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады