Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін есепке ала отырып және облыстық ономастикалық комиссиясы отырысының 2010 жылғы 27 шілдедегі N 2-9 қорытындысы негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының кейбір елді мекендері қайта аталсын:
Көшім ауылдық округі бойынша:
Балаган селосы - Жаңатаң ауылына;
Степной селосы - Өркен ауылына;
Переметный ауылдық округі бойынша:
Чернояров селосы Қаражар ауылына.
2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Сессия төрағасы
Б. Ізмұхамбетов А. Василец
Облыстық мәслихат
хатшысы
М. Құлшар