Облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 28-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 желтоқсанда N 3057 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 15-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.02.2014 № 15-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес жылдар бойынша бөлінген абсолютті көріністегі облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындай отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық бюджеттен аудандық бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі белгіленсін:
      1) 2011 жылға 18 870 420 мың теңге сомада, оның ішінде:
      Ақжайық - 2 417 995 мың теңге;
      Бөкей ордасы - 1 312 676 мың теңге;
      Жаңақала - 1 294 166 мың теңге;
      Жәнібек - 1 247 214 мың теңге;
      Зеленов - 2 369 857 мың теңге;
      Казталов - 1 913 532 мың теңге;
      Қаратөбе - 1 427 922 мың теңге;
      Сырым - 1 715 293 мың теңге;
      Тасқала - 1 291 964 мың теңге;
      Теректі - 2 675 511 мың теңге;
      Шыңғырлау - 1 204 290 мың теңге.
      2) 2012 жылға 20 967 817 мың теңге сомада, оның ішінде:
      Ақжайық - 2 704 467 мың теңге;
      Бөкей ордасы – 1 431 587 мың теңге;
      Жаңақала - 1 443 720 мың теңге;
      Жәнібек - 1 381 522 мың теңге;
      Зеленов - 2 641 346 мың теңге;
      Казталов - 2 167 431 мың теңге;
      Қаратөбе - 1 577 903 мың теңге;
      Сырым - 1 898 638 мың теңге;
      Тасқала - 1 438 024 мың теңге;
      Теректі - 2 950 297 мың теңге;
      Шыңғырлау - 1 332 882 мың теңге.
      3) 2013 жылға 21 225 215 мың теңге сомада, оның ішінде:
      Ақжайық - 2 748 321 мың теңге;
      Бөкей ордасы - 1 452 504 мың теңге;
      Жаңақала - 1 437 819 мың теңге;
      Жәнібек - 1 406 429 мың теңге;
      Зеленов - 2 609 044 мың теңге;
      Казталов - 2 207 222 мың теңге;
      Қаратөбе - 1 611 258 мың теңге;
      Сырым - 1 931 504 мың теңге;
      Тасқала - 1 460 787 мың теңге;
      Теректі - 3 005 033 мың теңге;
      Шыңғырлау - 1 355 294 мың теңге.
      2. Бөрлі ауданы және Орал қаласы бюджеттерінен облыстық бюджетке алынатын бюджеттік алымдар 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджетке қарастырылмайды деп белгіленсін.
      3. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген шығыстарды қарастыру:
      1) 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау кезінде аудандық (қалалық) бюджеттердің шығыстарында қосымша ескерілуі қажет:
      1.1 2010 жылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығыстар, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:
      жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;
      "Өзін-өзі тану" пәні бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілікті арттыру институттарын оқу материалдарымен қамтамасыз етуге;
      ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнiң өсуiне байланысты мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек пен 18 жасқа дейiнгi балаларға ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеуге;
      медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға;
      ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға;
      1.2 2010 жылы облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығыстар, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:
      шағын орталықтарды ашуға және ұстауға;
      жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;
      үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге;
      аймақтық жастар саясатын іске асыруға;
      2) бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысының 2011 жылдан 30%-ға өсуіне қарай 2011 жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау кезінде аудандық (қалалық) бюджеттердің шығыстарында қосымша қаражаттар ескерілді.
      4. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Сессия төрағасы                  И. Илимисов
      Облыстық мәслихат хатшысы        М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады