Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.12.23 № 3055 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар практикасы ұйымдастырылсын.
2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.
3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт жасасын.
4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов