Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.12.23 № 3055 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-161 тіркелген, 2010 жылы 20 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде N 3 жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшасы "Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері" мынадай мазмұндағы реттік нөмерлері 74, 75, 76, 77, 78 жолдармен толықтырылсын:
"74 "Батыс Қазақстан облысының Іс-қағаз
Ішкі істер Департаменті" жүргізуші 14952 теңге
мемлекеттік мекемесі
Мекенжай бюросы;
75 "Батыс Қазақстан облысының Шабарман 14952 теңге
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі;
76 "Орал қаласы әкімдігі Орал Жұмысшы 14952 теңге
қаласының дене шынықтыру
және спорт бөлімінің "Намыс"
спорт клубы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны;
77 "Орал қаласының Кругло- Жұмысшы 14952 теңге
озерное кенттік округі
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі;
78 Батыс Қазақстан облысы Жұмысшы 14952 теңге
әкімдігі туризм, дене
шынықтыру және спорт
басқармасының "Су спорты
түрлері бойынша балалар-
жасөспірімдер спорт мектебі"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны.".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов