Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 05.07.2013 № 15-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Қағидасы" туралы" 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-76 тіркелген, 2007 жылғы 22 қарашада, 2007 жылғы 29 қарашада, 2007 жылғы 6 желтоқсанда, 2008 жылғы 3 қаңтарда "Жайық үні" газетінде N 47, N 48, N 49, N 1 және 2007 жылғы 29 қарашада, 2007 жылғы 6 желтоқсанда, 2007 жылғы 20 желтоқсанда "Пульс города" газетінде N 48, N 49, N 51 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласы аумағының құрылыс салу Қағидасы мен көрсетілген шешімнің кіріспесінде:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы шешіммен бекітілген Орал қаласы аумағының құрылыс салу Қағидасындағы:
мәтін бойынша "тыйым салынады" деген сөздер сәйкесінше "рұқсат етілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 бөлім алынып тасталсын;
14 тармақта бірінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
"Жаңа шағын қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы тек Орал қаланың бас жоспарымен анықталған аумақтарында және Орал қаласының шегіне кіретін елдімекендерде рұқсат етіледі.".
15 тармақта "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9 шағынаудандарда, сонымен қатар қаланың Зачаганск ауданында" деген сөздер "қаланың Солтүстік-Шығыс және Зачаганск кенттік округінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
17 тармақта:
үшінші азат жолында "Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Тұрғын махаллалар, шағынаудандар, тұрғын аудандар аумақтарында, жол жиегінде (көше, өту жолдары) кез келген үлгідегі және санаттағы базарларды орналастыруға рұқсат етілмейді.";
23 тармақта екінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
"Орал қаласының жаңа аумақтарында құрылыс салу барысында автотұрақтар тек сұралып отырған аумақ есебінен қарастырылады. Қалыптасқан қала құрылысында қоғамдық маңызы бар нысаналар құрылысы немесе қайта құрылымдау кезінде, азаматтар мен заңды тұлғаларға қаланың мүдделі қызметтерімен келісім алу есебімен жер телімін уақытша пайдалануға бермей, оларды жалпы пайдаланымдағы аумақтар есебінен жобалауға рұқсат етіледі.";
34 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"Нысаналардың құрылысына алаңдарды беру: тұрақты пайдалануға немесе жеке меншікке, сондай-ақ уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен:
қысқа мерзімді - 5 жылға дейін мерзімге;
ұзақ мерзімді - 5 жылдан 49 жылға дейін мерзімге.";
36 тармақта 4) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
"4) жер телімдерін беру өтінішін қарауды Орал қаласының жергілікті атқарушы органымен құрылған комиссия жүргізеді;";
43 тармақта:
1) тармақшада "(ЖСН)" қысқартылып алынған атаудан кейін "растайтын құжаттарының көшірмесін қоса" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрі мәтін бойынша";
2) тармақшада "(БСН)" қысқартылып алынған атаудан кейін "растайтын құжаттарының көшірмесін қоса" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрі мәтін бойынша";
жетінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қолда бар нысаналарды өзгертуге рұқсат алу үшін өтінішпен бірге өтініш берушінің өзгертілетін нысанаға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі қоса беріледі, өтінішті қараушы мемлекеттік орган құжаттардың дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқаларын қоса береді.";
келесі мазмұндағы сегізінші азат жолымен толықтырылсын:
"Егер құрылыс нысанасы тікелей жер телімінің шекарасы бойынша, құрылыс нормалары мен ережелері ескеріле отырып орналастырылған болса, өтініш беруші онымен көршілес жер пайдаланушының жазбаша келісімін ұсынуы қажет.";
44 тармақта "құрылысқа көзделген" деген сөздерден кейін "осы Ереженің 51 тармағында көрсетілген талапқа жауап беретін жеке немесе заңды тұлғамен орындалған" деген сөздермен толықтырылсын;
45 тармақта "және қала құрылысы регламенттерімен" деген сөздер "қала құрылысы және жерге орналастыру регламенттерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
49 тармақтың 1) тармақшасында "әртүрлі мақсаттағы ғимараттар, құрылыстар және кешендер" деген сөздер "әр түрлі мақсаттағы кешендер, қоғамдық маңызы бар нысаналардың: мәдени-көрнекі, вокзал, порттар, дүкендер, спорттық және басқа да қоғамдық мақсаттағы ғимараттардың қасбеттерін өзгерту" деген сөздермен ауыстырылсын;
53 тармақта бірінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
"Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлер сұрауды алған сәтiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жергiлiктi атқарушы органына қосу параметрлерi мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды немесе беруден негiзделген бас тартуды жiбередi.";
54-1 тармағында:
бірінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
"Нысаналарды жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге өтініштерді қарау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспауы тиіс";
келесі мазмұндағы үшінші азат жолымен толықтырылсын:
"Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.";
58 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"Жаңа құрылыс салу (бар нысанды өзгерту) жобасына сараптама жүргізудің қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі.";
59 тармақ келесі мазмұндағы 13), 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
"13) тұрғын ғимараттағы (үйлердегі) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер телімін бөлуді (аумақты бөліп беруді) талап етпейтін, құрастырмалардың есептік беріктігін төмендетпейтін, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаларын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), ол туралы жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы болады;
14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделі емес басқа да құрылыстар.";
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
32-ші сессиясының төрағасы Ш. Ш. Нутфуллин
Орал қалалық мәслихатының хатшысы Ә. Қ. Истелюев