Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011.02.17 № 320 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағы негізінде, қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласының N 1 қалалық сайлау округі аумағында барлық кандиттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленсін:
1) Ветелки кенті, № 29 негізгі мектеп жанында;
2) Маштаково кенті, "Мерей" дүңгіршегі мен № 2 үй аралығында;
3) Новостройка-Кумыска кенті, "Салтанат" дүкенінің ауданында;
4) Өскен ауыл кенті, кентке кіретін жол бұрылысында;
5) Кумыска кенті, автобус аялдамасы;
6) Зачаганск кенті, "Медколледж" автобус аялдамасы;
7) Зачаганск кенті, Жәнгір хан көшесі, "Жазира" дүкенінің ауданында;
8) Зачаганск кенті, "Арман" шағынауданы, "Сүйініш" дүкенінің ауданында;
9) Зачаганск кенті, "Кеңдала" шағынауданы, "Айхан" дүкенінің ауданында;
10) Меловые горки кенті, "Люкс" дүкенінің ауданында;
11) Прудхоз кенті, № 17 автобус маршрутының соңғы аялдамасы; 12) Круглоозерное кенті, автобус аялдамасы;
13) Серебряково кенті, автобус аялдамасы.
2. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов