Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011.02.17 № 320 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" қаулыларын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласының аумағында 2010 жылғы 20 тамыздан 1 қарашаға дейінгі аралықта маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындары болып Ә. Кердері көшесі бойындағы Ж. Досмұхамедов және Фрунзе көшелерінің аралығы белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) күн сайын көшпелі сауда орындары аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі көшпелі сауда орындары аумағына қоқыс салатын контейнерлерді, биодәретханаларды орнатсын және күнделікті жинастыру мен қоқыстарды шығаруды ұйымдастырсын.
4. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі", "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" және "Орал қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 20 тамыздан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. Дремасовқа жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Орал қалалық ішкі істер
басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
_____________А. Мухамедьяров
16.09.2010 ж.