Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2012.01.25 N 31 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 5, 7-баптарын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңның 5-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қантардағы "Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұлғайту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар практикасы ұйымдастырылсын.
2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.
3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт жасасын.
4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республиқалық бюджеттің мақсаты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.
Аудан әкімі А. Иманғалиев