Жамбыл және Жаңабұлақ ауылдық округтерінің аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруының ошағы тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, аймақтарда ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 75 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 7-2-89 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 340 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010.11.22 N 340 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 10.07.2002 жылғы "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабын басшылыққа алып, Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының 21.08.2009 жылғы N 402 ұсынысын қарап аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл және Жаңабұлақ ауылдық округтерінің аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруының ошағы тіркелуіне байланысты ветеринариялық шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтезбілік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 9.03.2010 жылдан бастап туындаған құқық қатынастарға таратылады.
      3. Аудан әкімдігінің 25 тамыз 2009 жылғы N 253 "Жамбыл және Жаңабұлақ ауылдық округтерінің аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысы бұзылсын.
      4. Осы Қаулының жүзеге асырылуы аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Р. Ж. Қайырлиевқа, Жамбыл және Жаңабұлақ ауылдық округтерінің әкімдері Қ. Ш. Елешев пен Б. Қ. Құбаевқа жүктеліп, бақылауы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекцияның бастығы М. Е. Нысанбаевқа (келісім бойынша) және аудан әкімінің орынбасары Н. С. Рахымжановқа тапсырылсын.

      Аудан әкімі                        А. Иманғалиев

Ақжайық ауданы әкімдігінің "Жамбыл және Жаңабұлақ
ауылдық округтерінің аумағына ірі қара малының
бруцеллез ауруының ошағы тіркелуіне байланысты шектеу
іс-шараларын еңгізе отырып, аймақтарда ветеринариялық
режимін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің
2010 жылғы 9 наурыздағы N 75 Қаулысына
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Ақжайық аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      ________________М. Е. Нысанбаев
      5 наурыз 2010 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады