Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің 2011.04.14 N 7 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа алып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Ақжайық ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу ұсынылсын.
2. Әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тіркеуді ұйымдастыру бойынша (дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен) материалдық қамтамасыз етілсін.
3. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді:
1) Алғабас, Ақсуат, Ақжол, Бударин, Есенсай, Жайық, Жамбыл, Жанабұлақ, Қабыршақты, Құрайлысай, Қарауылтөбе, Мерген, Чапаев ауылдық округтеріндегі тұратындар үшін "Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) ұйымдастырылсын;
2) Базаршолан, Базартөбе, Алмалы, Тайпақ, Сарытоғай ауылдық округтеріндегі тұратындар үшін Тайпақ ауылындағы "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (келісім бойынша) ұйымдастырылсын.
4. Кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, "Ақжайық ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, мектеп және оқу орындарының басшыларына, тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы келулерін қамтамасыз етуі тапсырылсын.
5. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
1) әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру ұсынылсын;
2) шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан немесе келмей қалған азаматтарды іздеп, тауып, олардың бөлімге келулеріне ықпал етуі ұсынылсын.
6. "Ақжайық ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне орта және толық емес орта білімі жоқ жасөспірімдерді анықтап, оларды кешкі-сырттай мектепке тарту шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.
Аудан әкімі А. Имангалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, подполковник
_____________Б. Бердигалиев
22.11.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Ақжайық ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы, подполковник
_____________Б. Зиналиев
22.11.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Ақжайық
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Д. Хайрушев
22.11.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының Ақжайық
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________С. Жумакулов
22.11.2010 ж.