Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің Алмалы, Атамекен, Жантемір ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы N 18 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 желтоқсанда N 7-2-114 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес,  2010 жылғы 10 қарашадағы Алмалы ауыл округі тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің мына ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Алмалы ауылы бойынша:
      N 1 көшеге - "Абылайхан атындағы көше";
      N 2 көшеге - "Бейбітшілік атындағы көше";
      N 3 көшеге - "Темір Масин атындағы көше";
      N 4 көшеге - "Құрманғазы атындағы көше";
      N 5 көшеге - "Тың көтеру көшесі";
      N 6 көшеге - "Жеңіс көшесі";
      N 7 көшеге - "Жамбыл атындағы көше";
      N 8 көшеге - "Абай атындағы көше";
      N 9 көшеге - "А. Иманов атындағы көше";
      N 10 көшеге - "М. Маметова атындағы көше";
      N 11 көшеге - "Ә. Молдагулова атындағы көше";
      N 12 көшеге - "М. Өтемісұлы атындағы көше";
      N 13 көшеге - "С. Датұлы атындағы көше";
      2) Атамекен ауылы бойынша:
      N 1 көшеге - "Ы. Алтынсарин атындағы көше";
      N 2 көшеге - "Достық көшесі";
      N 3 көшеге - "Болашақ көшесі";
      3) Жантемір ауылы бойынша:
      N 1 көшеге - "Тәуелсіздік көшесі".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      Алмалы ауылдық округі әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы            Г. Куаншалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады