Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама ауылындағы кейбір көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 17 тамызда N 7-2-97 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 15 шілдедегі Жанама ауылы тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама ауылындағы мына көшелерінің атаулары:
      Ленин көшесі – "Орынгали Галимов атындағы көше";
      Совет көшесі - "Жеңіс көшесі" деп өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аппараттың бас маманы А. Бигалиевке тапсырылсын.

      Сарытоғай ауылдық округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы            С. Т. Умаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады