Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 13 мамырдағы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің мына ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Қарауылтөбе ауылы бойынша:
N 3 көшеге – "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы көше";
N 4 көшеге – "Хамза Есенжанов атындағы көше";
N 5 көшеге – "Қырмызы Нұрғалиева атындағы көше";
N 8 көшеге – "Мәншүк Маметова атындағы көше";
N 9 көшеге – "Оразбай Оспанов атындағы көше";
N 12 көшеге – "Әлия Молдағұлова атындағы көше";
N 13 көшеге – "Бауыржан Момышұлы көшесі".
2) Қырыққұдық ауылы бойынша:
N 1 көшеге – "Кенже Құрмашев атындағы көше";
N 2 көшеге – "Қабден Темірғалиев атындағы көше".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Қ. С. Паңғалиевқа тапсырылсын.
Қарауылтөбе ауылдық
округі әкімі Ғ. Қ. Ихсан