Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 12.07.2013 № 11-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сай аудандық мәслихаттың кезекті жиырма бірінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы қағидасы" бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2004 жылғы 30 қарашадағы № 11-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2823 болып тіркелген, 2005 жылдың 24 қаңтарында "Орда жұлдызы" газетінің № 4 санында жарияланған) шешімінің барлық енгізілген өзгерістері мен толықтырулары ескеріле отырып күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Саматов
Мәслихат хатшысы Г. Бисекенова
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 21-2 шешіміне 1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету туралы
қағидасы
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі. Ол халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.
2. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын тұрғын жай иелерiне немесе меншiгiнде тұрғын жайы жоқ жалдаушы Қазақстан Республикасының азаматтарына және бiр мемлекеттiң азаматтарының мәртебесi туралы шартына қосылған, басқа мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын Тәуелсiз Мемлекеттер Достығынан қатысушы мемлекет азаматтарына тағайындалады.
Жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар: зейнеткерлер, Ұлы Отан Соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, мүгедектер үшiн ауыру себебiне қарамастан және оларды күтетiн азаматтарға, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қорғаншылар (қамқоршылар) немесе кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер, 30 пайыз жеңiлдiктермен пайдаланады.
3. Ол тұрғын үйді ұстау нормалары мен коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде, бірақ нақтылы отырған тұрғын жайының жалпы көлемінен асырмай есептеліп, отбасы бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын ұйғарымды шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Ұйғарымды шекті шығындар үлесі көмек алатын отбасының жиынтық табысының 30 пайызы мөлшерінде есептеледі. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтыну ақысын өтеу жалпы негізде жүргізіледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшері мен тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін "Бөкей ордасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) тағайындайды және келесі айдан бастап төленеді.
5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан артық болмауы тиіс.
6. Тұрғын үй көмегі жалпы 6 айға дейін көрсетіледі, осы көмекті алушылар тоқсан сайын қайта тіркеу - рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді өткізіледі. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде, сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Даулы немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін осы елді-мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.
8. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган мен өтініш иесінің арасында шарт жасалады, оған жәрдемақы есебі жазылады. Шарт 2 данадан жасалады. Шарттың 1 данасы өтініш иесінде сақталады. Шарт тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
9. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күманданған жағдайда уәкілетті орган қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғаларға тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.
10. Тұрғын үй көмегін өтеу агенттік келісім-шартқа сай екінші деңгейдегі банктерде ашылған алушылардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы атқарылады.
11. Уәкілетті орган көмек алушылардың тізімдерін рәсімдеп, берген тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетіп, әр айдың басында тиісті қаржы органдарына өтеу үшін тізімдемелерді береді.
12. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауапты болады.
13. Заңсыз берілген тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен кері қайтарылады.