Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 12 шілдедегі № 11-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 тамызда № 3335 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 36-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 36-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 06.11.2013 № 13-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 21-2 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-4-106 тіркелген, 2010 жылғы 25 мамырдағы "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Сессия төрағасы Н. Жанғалиев
      Мәслихат хатшысы Е. Таңатов

  2013 жылғы 12 шілдедегі № 11-3
аудандық мәслихатының шешімімен
бекітілген

Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидасы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 06.11.2013 № 13-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 06.11.2013 № 13-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар:

      Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.

      Ескерту.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бөкей ордасы ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрған үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй - жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан он пайыз мөлшерінде, сонымен қатар телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

      4-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Шешім 4-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағиданың 5-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту.5-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Шешім 5-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-2. Осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Шешім 5-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 5-3-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Шешім 5-4-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Шешім 5-5-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 5-6-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Ескерту. Алынып тасталды- Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Ескерту. Алынып тасталды- Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Ескерту. Алынып тасталды- Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 11.07.2018 № 17-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      9. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады