Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 28.05.2013 № 143 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 100 (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде N 7-5-85 тіркелген және 2009 жылы 13 маусымда "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 56-1, 57-1, 58-1, 59-1 жолдарымен толықтырылсын:
56-1. "Жаңақала аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
57-1. "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
58-1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ауданаралық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
59-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот Әкімшілігі жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық соттар Әкімшілігі Жаңақала аудандық аумақтық учаскесі.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 20 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Т. Т. Мерғалиев