Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Балғын, Еңбек елді мекендері тұрғындарының 2009 жылғы 15 қазандағы N 1, 2 жиналыстарының хаттамалары және 2009 жылғы 29 қазандағы N 2 Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның хаттамаларын қарап, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. С. Мендешев ауылдық округінің, Балғын елді мекеніндегі N 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 үйлер орналасқан көшеге Балғын атауы берілсін.
2. С. Мендешев ауылдық округінің, Еңбек елді мекеніндегі N 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 үйлер орналасқан көшеге Еңбек атауы берілсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.
Ауыл әкімі Н. Еслямов