Борсы, Жақсыбай елді мекені бойынша ірі қара малы және киіктер арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 112 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 27 мамырда N 7-6-105 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 08.07.2010 № 156 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасы, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын және 27 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 23 мамырдағы N 324 ұсынысына сәйкес, пастереллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округтегі тұрғындарды пастереллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдары және киіктер арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты Борсы, Жақсыбай ауылдық округтері аумағына мал басы сауықтырылғанша карантиндік режим және шектеу-іс шаралары енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Борсы, Жақсыбай ауылдық округтері бойынша ірі қара малдарын пастереллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша), "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, Борсы, Жақсыбай ауылдық округ әкімдерімен, аудандық ішкі істер бөлімімен (келісім бойынша), Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық орталық ауруханасы" (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру санитарлық және арнайы мал дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жәнібек аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы полиция
      полковнигі (келісім бойынша)
      _____________Т. Ерғалиев
      24.05.2010 ж.

      Аудандық санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығының
      міндетін атқарушы (келісім
      бойынша)
      _____________Н. Е. Мұстаев
      24.05.2010 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Жәнібек аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы (келісім бойынша)
      _____________А. Х. Телағисов
      24.05.2010 ж.

      "Жәнібек аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік комуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры (келісім бойынша)
      _____________Т. Қ. Мұсағалиев
      24.05.2010 ж.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 24 мамыр
№ 112 қаулысына №1 қосымша

      Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 24 мамыр
№ 112 қаулысымен бекітілді

Борсы, Жақсыбай ауылдық округтеріндегі
пастереллез ауруының ошағын жою
жөнінде шектеу іс-шаралары

р/с

Іс-шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты адам

1. Ұйымдастыру-шаруашылық шаралар

1

Ірі қара және ұсақ малдарды шығару мен тасымалдауды жүргізуді тоқтату

Шұғыл түрде шектеу мерзімі аяқталғанша

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ергалиев Т. (келісім бойынша), Борсы а/о әкімі Еркіналиев Қ., Жақсыбай а/о әкімі А. Қаратаев, Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Қаратаев А., ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша), Аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Губашев Б., Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Қабдысалиев М.

2

Ауыл шаруашылығы жануарларын қолайсыз жерден тыс шығаруға (сойып сатылатынынан басқа) және шектеу белгіленген аумақ пен қауіп төніп тұрған аймақта жабайы аңдарды аулауды тоқтату

Шектеу кезеңінде

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ергалиев Т. (келісім бойынша), Борсы а/о әкімі Еркіналиев Қ.,  Жақсыбай а/о әкімі Қаратаев А., Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша), Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы М. Қабдысалиев, Аудандық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Мустаев Н. (келісім бойынша)

3

Халық арасында пастереллез ауруының қаупі және оның алдын-алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Шектеу кезеңінде

Борсы а/о әкімі Еркіналиев Қ., Жақсыбай а/о әкімі Қаратаев А., Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Мустаев Н. (келісім бойынша), Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша), Аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Губашев Б., Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы М. Қабдысалиев

4

Иесіз иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастыру

Үнемі

Ауылдық округ әкімдері Қ. Еркіналиев, А. Қаратаев

2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар

1

Пастереллезге қарсы қолайсыз елді мекеннің аулаларын тексеру және дезинфекциялау. Пастереллез ауруынан өлген мал өлекселерін арнайы жабдықталған мал молаларында өртеу жолымен залалсыздандыру

Шектеу кезеңінде

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ергалиев Т. (келісім бойынша), Ауылдық округ әкімдері Еркіналиев Қ., Қаратаев А., Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Мустаев Н. (келісім бойынша), Ауданның мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша), Аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Губашев Б., Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы М. Қабдысалиев

2

Елді-мекенің жануарларын нұсқауға сәйкес пастереллезге қарсы вакцинамен егу. Еккеннен кейін жануарды оқшаулау

Шектеу кезеңінде

Ауылдық округ әкімдері Еркіналиев Қ., Қаратаев А., Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша), Аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Губашев Б., Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы М. Қабдысалиев

3

Пастереллезге қарсы егілген дені сау малының сүтін 900 С-да 30 минут пастерленген немесе 5 миуттай қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың жеміне пайдалануға беру

Шектеу кезеңінде

Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша), Борсы, Жақсыбай а/о мемлекеттік ветинспекторы Абдулов Е. Т. (келісім бойынша)

4

Пастереллез ауруы бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттарды бұқырлау

Шектеу кезеңінде

Ауылдық округ әкімдері Еркіналиев Қ., Қаратаев А., Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша), Борсы Жақсыбай а/о мемлекеттік ветинспекторы Абдулов Е. Т. (келісім бойынша)

5

Қолайсыз аумақта жануарлар ауруының соңғы жағдайы күнінен бастап екі ай өткеннен кейін шектеуді алу жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру


Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Мустаев Н. (келісім бойынша), Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Гайсин А. (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады