Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 70 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда N 7-7-103 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы N 816 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 16.10.2014 N 816 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 718-1 баптарын басшылыққа алып, халықтың нысаналы топтары үшін, аудан ұйымдары мен мекеме, кәсіпорындардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарды ескеріп, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (уәкілетті орган) заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген және аудан аймағында әрекет ететін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жеке және заңды тұлғалармен (жұмыс берушілер) жасалатын шарт негізінде жүзеге асырсын.
      3. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылсын.
      4. Аудан әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 13, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-21 нөмірімен тіркелген және 2006 жылғы 25 наурыздағы "Ауыл тынысы" газетінің N 12 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтың қатынастарға таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады