Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы N 112 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 6 сәуірде N 7-7-104 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қантардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012.01.27 № 10 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамту шараларың ұлғайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектердің білімін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру үшін және тәжірибе алу мақсатында, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген, мамандығы бойынша жұмыс өтілі болмаған жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ретінде, жастар практикасы ұйымдастырылсын.
      2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.
      3. Жастар практикасын іске асыру – уәкілетті орган, жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілер, жастар практикасына қатысушылармен өзара жасақталатын келісім шарттар және жұмысқа қабылдағаны туралы жұмыс берушілердің актілері негізінде жүргізілсін.
      4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      6. Осы қаулыны орындау барысы аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады