Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 10.10.2014 N 816 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Зеленов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 20 мамырдағы N 1-11-418а санды шығыс хаты арқылы ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көшім ауылдық округіне қарасты Балаган елді мекеніне қарасан ауруы бойынша шектеу шаралары енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі | Ғ. Қапақов |