Дариян ауылдық округіне қарасты Дариян елді мекеніне құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 мамырдағы N 207 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 26 мамырда N 7-7-110 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 301 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 30.07.2010 N 301 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Зеленов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 20 мамырдағы N 1-11-418 ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Дариян ауылдық округіне қарасты Дариян елді мекеніне құтыру ауруы бойынша шектеу шаралары енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады