Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010.10.28 N 439 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы, 2 тармағы, 9 тармақшасын басшылыққа алып және Зеленов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 1-11-866а ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеленов ауданы Дариян ауылдық округінің Дариян елді мекеніне шошқа тілмесі ауруы анықталуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Халеловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ғ. Қапақов