Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің 2011.04.15 N 13 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Респуликасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Зеленов ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есепке қою кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Переметный ауылы тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
4. Ауылдық (селолық) округтерінің әкімдері, азаматтарды шақыру учаскелеріне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ. Қапақов
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор
_____________М. Есенов
24.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Ғ. Ислямов
24.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________А. Өтепбаев
24.12.2010 ж.