Елді мекендердегі көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 18 наурыздағы N 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 26 сәуірде N 7-8-107 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын, Жаңажол ауылдық округі Көмекші, Әбіш, Таңат елді мекендеріндегі халық жиындарының 2009 жылдың 16 қазанындағы N 24 хаттамасын, 2009 жылдың 17 қазанындағы N 25 хаттамасын, 2009 жылдың 19 қазанындағы N 26 хаттамасын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңажол ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Көмекші елді мекеніндегі көшелерге – Нүпи Дүйсенғалиев, Ғабдрахим Нұрмақов, Сисенбай Зұлқашев, Қараөткел;
      2) Әбіш елді мекеніндегі көшеге – Мүти Жасмағанбетов;
      3) Таңат елді мекеніндегі көшеге – Рамазан Қаматаев.
      2. Осы шешімінің қабылдануына байланысты туындайтын шараларды жүзеге асыру ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Хайруллинге тапсырылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңажол ауылдық округі әкімі     Т. Габдушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады