2010 жылы Қаратөбе ауданында он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 12 ақпанда N 7-9-91 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2010.04.09 N 7 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Заңының 33 бабын басшылыққа альп және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскер қызмет туралы" Заңның 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Қаратөбе аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қаратөбе ауданында 2010 жылдың кантар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
      2. "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қаратөбе ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылғы қантардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне орай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлінсін.
      4. Селолық округ әкімдері азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуден өткізу үшін автокөліктермен қамтамасыз етсін.
      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 5 қантарынан бастап туындаған құқық қатынастарға таратылады.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                    А. Утегулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады