Жымпиты ауылының Қаратөбе көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 8 ақпандағы N 23 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 1 наурызда N 7-10-70 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Жымпиты ауылының тұрғындарымен өткізілген жиынның хаттамасына және аудандық ономастикалық комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жымпиты ауылының Қаратөбе көшесінің атауы "Алаш" қозғалысының белсенді қолдаушысы "Әлмұхамбет Оспанов атындағы көше" деп өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі                И. Бахтыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады