Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Бірінші май ауылының тұрғындарымен өткізілген жиынның хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округіне қарасты Бірінші май ауылындағы көшеге "Үмбетияр көшесі" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі И. Бахтыбаев