Елтай ауылдық округінің "Алатау" елді мекенінде мысық жануарының құтыру ауруына іс-шаралар енгізіп карантин режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 22 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда N 7-10-73 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 125 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 30.04.2010 N 125 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес және аумақтық бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Елтай ауылдық округі "Алатау" елді мекенінде мысық жануарының құтыру ауруына іс-шаралар енгізіп карантин режимі белгіленсін.

      2. Елтай ауылдық округінің Алатау елді мекенінде мысық жануарының құтыру ауруын жою және сауықтыру іс-шаралары жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Елтай ауылдық округ әкімі, ауылдық округінің малдәрігерлік қызметімен бірлесе отыра жоспарда көрсетілген шаруашылық–ұйымдастыру малдәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етілсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      5. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі Е. Нысанғалиев

  Қосымша
аудан әкімдігінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
N 22 қаулысымен бекітлген

Карантин режимі кезінде құтыру
ауруын жою және сауықтыру іс-шаралар
жоспары

N

Сауықтыру шаралар

Уақыты

Жауапты адам

1

Ауру деп күдіктенілген малды тез арада оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау.

Тез арада

Мал иелері, бақташы

2

Алатау елді мекені бойынша барлық мал басын және үй хайуанаттарын түгел күнделікті ветеринарлық бақылауға алу

Күнделікті

Малдәрігерлік мамандар

3

Құтыру ауруы бойынша қолайсыз елді мекенде иттер мен мысықтарды шығару мен тасмалдауды жүргізуге тиым салынады. Үй жануарларын сату тоқтатылады

Шектеу кезінде

Ауыл округінің әкімі, мал дәрігерлік инспектор, мал иелері

4

Үй жануар өлігін мал моласына апарып өртеу және малдың өлген орындарын да бұқырлау жұмыстарын жүргізу

Шектеу кезінде

Ауыл округінің әкімі, мал дәрігерлік маман, мал иелері

5

Ауыл тұрғындар арасында құтыру ауруынан сақтану жөнінде тұсінік жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Малдәрігерлік және медициналық қызметтері

6

Алатау елді мекеніндегі ауыл шаруашылық малдарын ірі қара, ұсақ мүйізді, және ит, мысықтарды түгелдей құтыру ауруына қарсы егу

Вакцина алынғаннан кейін

Малдәрігерлік мамандары

7

Құтыру ауруы бойынша қолайсыз ферманың (топ малдың, үйірдің, отардың, табынның) клиникалық белгі бойынша дені сау малының сүтін, құтыруға қарсы жүргізілген егуге қарамастан, 80-85 С-да 30 минуттай пастерлегеннен немесе 5 минуттай қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың жеміне пайдалануға болады

Үнемі

Малдәрігерлік мамандар, мал иелері

      КЕЛІСІЛДІ:
ҚР АШМ АӨК МИК Сырым
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
__________Т. КУбдабаев

      Аудандық ветеринария
бөлімінің меңгерушісі
__________Т. Бекчурин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады