Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 13.09.2010 N 269 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес және аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің "Жаңақоныс" елді мекенінде ірі қара малдарын құтыру ауруы шығуына байланысты карантин режімін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Карантинің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Сарой ауылдық округінің әкіміне және "Сырым аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Нысанғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Сырым аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы_____________Т. Қобдабаев