Сырым ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қарашадағы № 24-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 3 желтоқсанда № 7-10-94 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2012.04.13 № 2-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысын басшылыққа ала отырып Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Сырым ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырым аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы               Г. Нурмуханов
      Сырым аудандық
      мәслихатының хатшысы               А. Галимов

Сырым аудандық мәслихатының
2010 жылғы 5 қарашадағы
кезекті ХХІV сессиясының
№ 24-4 шешімімен бекітілген

Сырым ауданы бойынша
аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету туралы
Қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде әзірленді.
      Осы Қағида меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде тұрақты және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен берілетін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы- тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      2. Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын ұйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
      4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң айырмасы ретiнде айқындалады. Шығыстардың шектi жол берiлетiн деңгейi отбасының жиынтық табысына қатынасы 5% көлемiнде белгiленедi.
      5. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде мынадай талаптар сақталуы тиiс:
      1) тұрғын үй алаңының мөлшерi отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр көлемiнде болып есептеледi, бiрақ бiр бөлмелi пәтерден кем болмау керек;
      2) өтiнiш берушiнiң шығындары белгiленген нормадан асып кеткен жағдайда шығындары норма бойынша есептеледi.
      6. Тұрғын үй көмегiн тағайындауды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық үйi (пәтерлерi, үйлерi) бар немесе тұрғын жайды жалға берушi тұлғаларға тұрғын үй көмегi тағайындалмайды. Күтудi қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы бағып отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік – кеңестік комиссияның қорытыңдысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды қоспағанда, зейнеткерлерден басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      Заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.

II. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға немесе ауыл әкіміне өтініш береді және мынадай құжаттарды тапсырады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттын көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабынын көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминииум объектісінің ортақ мұлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондиминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондиминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен рассталған кондиминиум объектісін ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардын мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқару орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Отбасының жиынтық табысына отбасының барлық мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік табыс, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы; жәрдем ақы және әлеуметтік көмектің атаулы әлеуметтік көмектен басқа түрлері, балаларға және басқа да күтудегі тұлғаларға берілетін алимент, стипендия, ақшалай және табиғи формада алынған ұтыстар, және қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар түріндегі табыстары қосылады.
      10. Ауыл әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және уәкілетті органға тапсырады.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы арызды уәкілетті орган қарап, қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      12. Тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін отбасымен келісім шарт құрылып, мұнда тағайындалған көмектің көлемі енгізіледі. Келісім шарт екі данада құрылып, біреуі меншік иесіне беріледі.
      Келісім шарт тұрғын үй көмегін тағайындау негізі болып табылады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Тұрғын үй көмегін төлеу тоқсанына бір рет өтініш берушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банк бөлімшесі арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады