Қособа ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде N 7-10-81 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамасын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қособа ауылдық округіне қарасты Қособа, Жырақұдық елді мекендерінің көшелерінің атаулары қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі              М. Тайшиев

Қособа ауылдық округі әкімінің
2010 жылғы 1 сәуірдегі
"Қособа ауылдық округіне
қарасты елді мекендердің
көшелеріне атаулар беру туралы"
N 2 шешіміне қосымша

      1. Қособа ауылының көшелері:
      1. Сырым Датұлы атындағы көше
      2. Жаһанша Досмұхамедов атындағы көше
      3. Абай Құнанбаев атындағы көше
      4. Жұбан Молдағалиев атындағы көше
      5. Дәулеткерей Шығайұлы атындағы көше
      6. Әлия Молдағұлова атындағы көше
      7. Бейбітшілік көшесі
      8. Дина Нұрпейсова атындағы көше

      2. Жырақұдық ауылының көшелері:
      1. Достық көшесі
      2. Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы көше
      3. Ыбырай Алтынсарин атындағы көше
      4. Сәкен Сейфуллин атындағы көше
      5. Мәншүк Мәметова атындағы көше

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады