Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2010.04.15 N 4 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 2010 жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
2. "Тасқала ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Ауылдық округ әкімдеріне тіркеуге шақырылған азаматтарды шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімдері бойынша хабардар ету және уақытында аудандық шақыру учаскесіне жеткізу тапсырылсын.
4. Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Тасқала ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер бөлінсін.
5. Аудан әкімінің "2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 14 шешімі бұзылды деп танылсын.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 5 қаңтардан бастап туындайтын құқық қатынастарға таратылады.
7. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мусинге жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
бастығы _____________ А. Жұбанышқалиев
31.12.2009 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Тасқала
аудандық орталық ауруханасы"
директоры _____________ Т. Қалыбеков
31.12.2009 ж.