Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 N 47 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары оқу орындарынын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай - Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген немесе жолыққан жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметгік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар практикасы ұйымдастырылсын.
2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыз жастар санын анықтасын.
3. Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген немесе жолыққан жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен келісім шарт жасасын.
4. Уәкілетті орган жастар практикасын өтуге жолданған жұмыссыз немесе жолыққан жастармен келісім шарт жасасын.
5. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар Республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.
6. Аудан әкімдігінің "Таскала ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 492 қаулысының күші жойылсын.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев