Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 30.09.2010 N 273 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) осы қаулымен бекітілген 12 қосымшасының 3-тармағы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
"БҚО Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 шешімімен бекітілген "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімі.";
2) 12 тармағының 6-тармақшасының 3 абзацы "жұбайларына" деген сөздерден кейін "қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 14 абзацы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
"Амбулаториялық ем қабылдап жүрген сүйемелдеу кезеңіндегі өкпе ауруларына сүйемелдеу кезеңінде жүргені туралы Тасқала аудандық орталық ауруханасының анықтамасы.";
4) 12 тармағы мынадай жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Тыл еңбеккерлері үшін 1941-1945 жылдары жұмыс істегенін растайтын құжат.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев