Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" N 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 190 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 19 тамызда N 7-11-126 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 273 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 30.09.2010 N 273 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Осы қаулымен бекітілген 10 қосымшасы 3-тармағының 3-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 23-3 шешімімен бекітілген "Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы" туралы шешімі.";
      2) 5-тармағындағы "келісімшарт беру" деген сөздер "шешім қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 12-тармағының 5-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
      "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот; жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқару орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот:";
      4) 12-тармағының 6-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
      "аз қамтылған отбасы екенін растайтын "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен анықтама, отбасы құрамы туралы ауылдық округ әкім аппаратынан анықтама;";
      5) 14-тармағындағы "тапсыратын" деген сөз "қабылдайтын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 16-тармағындағы "кезде" деген сөз "айдың ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.  Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Ө. Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады