Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.10.2013 № 15-1 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 23-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-120 тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы N 32-33, 28 мамырдағы N 34-35 "Екпін" газетіне жарияланды) шешімімен бекітілген Кағиданың 4 тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ауданның тұрғын үйлері газдандырылмаған аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) от жағылу мерзімінде тұрғын үй көмегін көрсету мақсатында қатты отын (тезек) сатып алу үшін аудан бойынша қатты отынның (тезектің) орта бағасын анықтау комиссиясының шешімімен анықталған 2 тонна қатты отынның (тезектің) бағасы мөлшерінде ауданның аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) табыстарын есептемей бір реттік көмек көрсетілсін".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы С. Якупов
Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Нұрмұханов