Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 23-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 14 мамырда N 7-11-120 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы № 15-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.10.2013 № 15-1 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Тұрғын үй қатынастары  туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 22-4 "Тұрғын үй көмегінің мөлшері туралы" шешімі жойылды деп танылсын.
      3. Қосымшаға сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  С. Рахимов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Қ. Нұрмұханов

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 23-3 шешімімен бекітілген

Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде әзірленді.
      Осы Қағида меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен берілетін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2012.04.18 № 3-2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2012.04.18 № 3-2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
      4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Отбасының (азаматтың) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына бес пайыз көлемінде белгіленеді. Жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жүз пайыз көлемінде белгіленеді.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      4-1. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу сондай-ақ, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. Қағида 4-1 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      5. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2012.04.18 № 3-2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган жүргізеді.
      7. Жеке меншігінде біреуден артық үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғаларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді. Күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы бағып отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды қоспағанда, зейнеткерлерден басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      Заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.

ІІ. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2012.04.18 № 3-2; өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 7-6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
      10. Ауыл әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және уәкілетті органға тапсырады.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы арызды уәкілетті орган қарап, қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      12. Тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін отбасымен келісім шарт құрылып, мұнда тағайындалған көмектің көлемі енгізіледі. Келісім шарт 2 данада құрылып, біреуі меншік иесіне беріледі. Келісім шарт тұрғын үй көмегін тағайындау негізі болып табылады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Тұрғын үй көмегін төлеу тоқсанына бір рет өтініш берушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банк бөлімшесі арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 23-3 шешіміне 2 қосымша

Тасқала аудандық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 6-3 шешімі (мемлекеттік тіркеу № 7-11-66, 12.05.2008 ж. "Екпін" газеті № 29-30, 6.06.2008 ж.).
      2. "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі №  6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-5 шешімі (мемлекеттік тіркеу № 7-11-86, 3.03.2009 ж. "Екпін" газеті № 17, 20.03.2009 ж.).
      3. "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі №  6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі № 16-5 шешімі (мемлекеттік тіркеу № 7-11-97, 17.08.2009 ж. "Екпін" газеті № 47, 21.08.2009 ж.).
      4. "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі №  6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 қазандағы № 18-4 шешімі (мемлекеттік тіркеу № 7-11-104, 6.11.2009 ж. "Екпін" газеті № 63-64, 13.11.2009 ж.).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады