Тасқала аулының жаңа көшесіне Қамаш Ешенұлы Омаровтың атын беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 тамыздағы N 60 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қыркүйекте N 7-11-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Тасқала ауылының тұрғындарының ұсыныс-пікірлері  негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Тасқала ауылының бас жоспары бойынша, ауылдың солтүстік-батыс жағынан салынған N 71-ші шартты нөмерлі жаңа көшесіне  Қамаш Ешенұлы Омаровтың аты берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауылдық округінің әкімі         Г. Турганалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады