2010 жылы Теректі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2010 жылғы 26 наурыздағы N 33 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда N 7-12-86 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 37 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2010.04.15 N 37 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Теректі ауданында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жасы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теректі ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарына таратылады.
      6. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Утешевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      А. Горобцов

Теректі ауданы әкімінің 2010 жылғы 26 наурыздағы
N 33 "2010 жылы Теректі ауданында он жеті жасқа толатын
азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді
ұйымдастыру туралы" шешіміне сәйкес
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________А. Мищенко

Теректі ауданы әкімінің 2010 жылғы 26 наурыздағы
N 33 "2010 жылы Теректі ауданында он жеті жасқа толатын
азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді
ұйымдастыру туралы" шешіміне сәйкес
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________К. Ахметкалиев

Теректі ауданы әкімінің 2010 жылғы 26 наурыздағы
N 33 "2010 жылы Теректі ауданында он жеті жасқа толатын
азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді
ұйымдастыру туралы" шешіміне сәйкес
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

      "Теректі ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін уақытша
      атқарушы
      _____________Д. Садыхов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады